Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Petrosun 362 мың тонна көлеміндегі сұйытылған мұнай газын жеткізуді қамтамасыз етті

29.11.2023

Petrosun компаниясы 2023 жылдың 11 айының ішінде 362 744 тонна көлеміндегі сұйытылған мұнай газын (СМГ) ішкі нарыққа жеткізуді жүзеге асырды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің ішіндегі көлемнен 2,33%-ға артық. Жеткізудің көбеюіне үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) СМГ өндірісінің артуы себепші болды.

Айта кету керек, аталған 362 744 тонна көлемі 2023 жылдың 11 айына арналған СМГ газбен жабдықтайтын ұйымдардың мекенжайына жеткізу жоспарын құру жөніндегі Комиссия бекіткен Жоспарлар үлестірген газдың жалпы көлемінің 27% құрайды.

Petrosun компаниясының Шымкент МӨЗ-ғы қайта өңдеу үлесінің едәуір болуы себебінен Түркістан облысының, Шымкент қаласының, Жамбыл облысының, Алматы қаласының және Алматы облысының ҚР Энергетика министрлігінің СМГ жеткізу жоспары бойынша қажеттілігін соңғы үш айдың ішінде 49%-дан 100%-ға дейін жаба отырып, СМГ негізгі жеткізілімдерін компания осы өңірлерге жүзеге асырады.

Petrosun қызметіндегі басым міндеттердің бірі мемлекеттік бағдарламаларды қолдау және орындау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығын сақтау болып табылады.

2022 жылы және 2023 жылдың 11 айының ішіндегі Petrosun үшін өндірілетін сұйытылған мұнай газының көлемі толықтай ішкі нарыққа жеткізіліп тұрды. Жалпы көлемі шамамен 748 036 тоннаны құрады.

Компанияның СМГ жыл сайын ҚР Энергетика министрлігі бекітетін шекті көтерме бағамен өткізетінін еске салайық (бір тоннасына, ҚҚС қосқанда):

·         2022 жылғы шілдеден бастап - 37 632 теңге,

·         2023 жылғы шілдеден бастап - 45 158 теңге.

Ішкі нарықтағы ағымдағы тапшылыққа сонымен бірге СМГ бағаларының бензин және дизель отынына бағалармен диспаритеті түрткі болды. Бірінші жағдайда, елде газға ауыстырылған автомобильдердің саны айтарлықтай көбейді. Екінші жағдайда, шаруалар дәнді, майлы дақылдарды және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін кептіру үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша дәнді және майлы дақылдарды кептіру бойынша күзгі жұмыстар кезеңіне жеткізілетін арзандатылған дизель отынына қарағанда бағасы анағұрлым қолжетімді газға белсенді түрде көше бастады.

Осылайша, сұйытылған газды тұтынудың арту қарқындары өндірушінің оны ұсыну қарқындарынан айтарлықтай жоғары болып тұр. ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, 2023 жылдың басынан бері Қазақстанда СМГ тұтыну көрсеткіші 25%-дан астам мөлшерге жоғарылады.

Анықтама: 

2012 жылдың қаңтарында құрылған «Petrosun» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның және «Қазақстандағы ҚҰМК Интернационал» ЖШС-ның еншілес ұйымы болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>